Өмірбек Байгелдімен қоштасу рәсімі Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты қоштасу рәсімі биылғы 5-ші сәуірде сағат 10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Сенат
Фото: Сенат

Жерлеу рәсімі үстіміздегі жылдың 5 сәуірінде сағат 11.30-да Ұлттық пантеонда болады.

Айта кетейік, бүгін Астанада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті.

Мемлекет басшысы марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.