Омск тұрғындары Астанаға жиі сапарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Омск қаласы тұрғындары үшін Астана ең танымал шетелдік бағыт болып танылды. Бұл туралы ҚР Ресей Федерациясындағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Омск тұрғындары Астанаға жиі сапарлайды

Туту.ру агенттігі мамандарының мәліметінше, Омскінің ең танымал шетелдік бағыттарының бірі Астана болған. Соңғы бір жылдың ішінде шетелге шығушылардың 23%-і Қазақстан елордасына сапарлаған. Бұл жағдай билет бағасының тиімділігімен де байланыстырылып отыр.

Сондай-ақ, Омскі жолаушылары үшін танымал шетелдік бағыттар ішінде Алматы, Ташкент, Дюссельдорф, Шымкент, Минск, Баку, Тбилиси сияқты қалалар бар.