11:11, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Он ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі 0,2 пайыз ғана болды - Д.Ақышев
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Он ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі 0,2 пайыз ғана болды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.
Ағымдағы жылы Ұлттық банк басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режіміне көшкенін атап өткен ол: «қазір валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Тұтастай алғанда, он ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі 0,2 пайыз ғана болды», - деді.
Оның атап өтуінше, теңгенің тұрақтылығын одан әрі ұстап тұруға мүмкіндік жеткілікті.