Он бір айда 20 мыңға жуық интернет алаяқтық қылмысы тіркелді

интернет алаяқтық
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Елімізде интернет алаяқтардың кесірінен азматтар 17,5 млрд теңге қаржысынан қағылды. Мұндай дерек Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында келтірілген, деп хабарлайды Kazinform.

2021 жылы алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қарсы 2022 жылға арналған жол картасы əзірленген. 

«Осы шаралар кешенінің тармақтарын жүзеге асыру интернет-алаяқтықтың 3,9 пайызға (21 405-тен 20 569-ға дейін) төмендеуіне ықпал етті. Осы жылдың 11 айында мұндай қылмыстардың 5,8 пайызға (18 775-тен 19 864-ке дейін) шамалы өсуі байқалады. Бұл ретте келтірілген шығынның жалпы сомасы 6,9 пайызға (18,8 млрд теңгеден 17,5 млрд теңгеге дейін) азайды», — дейді Бас прокурор жауабында.

Оның атап өтуінше, 2022 жылғы жұмыс тиімділігін көрсеткен. 

Сондықтан құзыретті мемлекеттік органдар арасында 2023-2024 жылдарға арналған алаяқтықпен жəне қаржылық пирамидалармен күрес жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешенін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды (БП, ҰҚК, ҚНРжДА, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ҰБ, ҚМА, СЖҚІА, ӘМ жəне ІІМ).

«Интернет-саудаға жəне қызметтерге қатысты алаяқтық əрекеттердің көбеюін ескере отырып, олардың алдын алу үшін бұл кешен тиісті платформалармен (Kolesa, Krisha, Market, OLX, Кaspi Bank жəне басқалар) келісім жасауды қамтитын тармақты жүзеге асыруды көздейді. Қазіргі уақытта іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда», — деді Берік Асылов.

Соңғы жаңалықтар