Он екі адам Мәскеудің оңтүстік шығысында болған өрттен зардап шекті

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік шығысында ірі өрт болды. Алты қабатты тұрғын үйдің үш кіреберісі бірден отқа оранған,
None
None

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

«Бір айта кетерлігі, бір адам да құтқару қызметіне хабарласпаған. Жалынды үйден екі жүз метрдей жерде орналасқан өрт қызметінің адамдары көріп қалады. Алты қабат үй жүзге тарта құтқарушылар барғанша, бір сағат бойы жанып жатқан», - деп хабарлайды агенттік.

Өрт салдарынан 12 адам түтінге уланған. Үшеуіне оқиға орнында көмек көрсетілсе, сегізі тез арада ауруханаға жеткізілген. Оның үшеуі қазір жансақтау бөлімінде.

Соңғы жаңалықтар