Он мың адам қатысқан арқан тарту жарысы өтті – шетелдегі қазақ баспасөзі

 «KAZINFORM» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Он мың адам қатысқан арқан тарту жарысы өтті
Фото: kaz.people.cn

Құран Кәрімнің өзбек тіліндегі төрт аудармасы табылды - «ӨзА»

Құран Кәрімнің өзбек тіліндегі төрт аудармасы табылды
Фото: Uza.uz

- Тарихта ұлы билеушілер Құран Кәрім қолжазбаларын көшіртіп қана қоймай, оның мағынасын түсінуге де ерекше мән берген. Саманидтер дәуірінен бастап кейбір қолжазбаларда аят астындағы аудармалар жасалған. Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығының мамандары осындай аудармаларға зерттеу жүргізуде, - деп жазады өзбекстандық «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін Саманидтер, Қараханидтер, Ғазнауидтер, Селжүктер, Хорезмшахтар және Темуридтер әулеті дәуіріне жататын түркі тіліндегі Құран қолжазбалары анықталды.

Атап айтқанда, жақында әзербайжандық мамандар ескі өзбек тілінде жазылған төрт Құран аудармасы туралы ақпарат ұсынған.

Бірінші қолжазба Мұхаммад ибн Шайх Юсуф әл-Оборий тарапынан көшірілген және Темір әулеті дәуіріне тиесілі екені анықталған.

XVII ғасырға жататын тағы бір Құран қолжазбасы Шайбани әулеті дәуіріне тиесілі деп болжанып отыр.

Үшінші қолжазба Сефевидтер немесе Шайбанидтер дәуіріне жатуы мүмкін.

Ал, төртінші қолжазба дәл осындай аудармаға негізделген және оны Али Шайх Фазлулла XVI ғасырда көшірген.

Өзбекстандық БАҚ-тың дерегінше, Ислам өркениеті орталығының Ақпарат қызметінің мәліметінше, зерттеушілер бұл қолжазбаларды тереңірек зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Өзбекстанда «Білімді әйел – қоғам айнасы» апталығы өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Өзбекстанда «Білімді әйел – қоғам айнасы» апталығы өтеді
Фото: uza.uz

Өзбекстандық БАҚ-тың дерегінше, 10-15 ақпан күндері Өзбекстанда «Білімді әйел – қоғам айнасы» апталығы өтеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013 жылғы 20 желтоқсанда «Даму мақсатындағы ғылым, техника және инновациялар» туралы қарарды қабылдады. Бұл құжатқа сай, кез келген жастағы әйелдер мен қыздардың ғылым, техника және инновация жетістіктерін дамытуда тең және толыққанды қатысу мүмкіндігіне ие болуы гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің кепілі ретінде танылған.

Екі жылдан кейін, 2015 жылғы 22 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы отырысында 11 ақпан – «Ғылым саласындағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні» болып жарияланған еді.

Бұл дата жыл сайын елімізде кең көлемде атап өтіледі. Биыл да Үкіметтің 2025 жылғы 3 ақпандағы қаулысына сәйкес, 10-15 ақпан күндері «Білімді әйел – қоғам айнасы» тақырыбында апталық ұйымдастырылады.

Иранда 18 000-ға жуық әйел ғылыми кеңестер мүшелері - «ParsToday»

Иранда 18 000-ға жуық әйел ғылыми кеңестер мүшелері - «ParsToday»
Фото: parstoday.ir

Ирандағы Әйелдердің құқықтарын қорғау институтының бас директоры Атие Кашванидың айтуынша, Ислам революциясы әйелдердің әртүрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени салаларда белсенді қатысуы үшін бірегей мүмкіндіктер берді. Атап айтқанда 17 758 әйел Иран университеттерінің ғылыми кеңестер мүшесі болған. Бұл туралы осы аптада ирандық «ParsToday» ақпарат агенттігі хабарлады. 

Иран Ислам Республикасының Гераттағы мәдени кеңесшісі Маджид Халықния осы орталықта «Иранның Ислам революциясы және Иран әйелдер қоғамының ілгерілеуі» атты конференцияның өткенін және оған Гераттан көптеген әйелдердің қатысқанын айтты. Бұл конференцияда Герат әйелдері Иран Ислам революциясының әйелдер құқығы саласындағы жетістіктерімен танысып, қоғамның ілгерілеуіндегі әйелдердің рөлін қарастырды, деп жазады ирандық БАҚ.

«ParsToday»-де жарияланған бұл материялда «Әйелдер шынымен еркектерге қарағанда көбірек сөйлей ме?» және «Англияда тұтқын әйелдер арасында өзіне-өзі зиян келтіру өсуде» деген тақырыптар бойынша тоқталған.

Түркиядағы жаттығуға Қазақстанның әскерилеріде қатысып отыр - TRT

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Түркиямен биыл жүзеге асырылуы жоспарланған әскери ынтымақтастық жоспарының бекітілгенін хабарлаған болатын.

Жалпы 20 елдің қатысуымен басталған Түркиядағы «Қыс-2025» оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де қатысуда. Бұл ақпаратты осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы жариалады. 

Түркиядағы жаттығуға Қазақстан да қатысып отыр
Фото: trt.net.tr

«TRT»-ның келтірген дерегіне сүйенсек, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында оқу-жаттығуға қатысты мәлімдеме жарияланды. Мәлімдемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылары жаттығу аясында шешім қабылдау және жағдайды бағалау іс-шараларына қатысқаны айтылды.

Көптеген стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді көздейтін бағдарламаға құрама және бірлескен іс-қимылдарды орындауда ынтымақтастық пен үйлестіруді қамтамасыз ету, қалың қар мен қатты аязда жауынгерлік мүмкіндіктерді, соның ішінде атысты сынауды қамтитын барлығы 12 199 жеке құрам қатысуда.

Атап айтқанда, Түркияның ұйымдастыруымен басталған оқу-жаттығуға АҚШ, Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Италия, Косово, Пәкістан, Қазақстан, Солтүстік Македония, Болгария, Франция, Англия, Ливия, Моңғолия, Нигер және Иордания қарулы күштері қатысып отыр.

Он мың адам қатысқан арқан тарту жарысы өтті - «Халық газеті»

Қытайдың Ганьсу өлкесінің Ганьнань облысы Линьтань ауданында жыл сайын ай күнтізбесі бойынша қаңтар айының 14-інен 16-сына дейін жергілікті жұртшылық арасында «он мың адамның арқан тарту жарысы» деп аталатын шара өтеді, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті».

Аталған басылымның мәліметінше, ұзындығы 1800 метрден асатын және салмағы 16 тоннаға жуық болат арқанның екі ұшында он мыңдай адам екіге бөлініп тартысады. Линьтаньдағы он мың адамдық арқан тарту жарысының 600 жылдан астам тарихы бар. Бүгінгі таңда бұл жарыс көктем мерекесі мен шамдар фестивалі кезіндегі ең қызықты жергілікті ойын түріне айналған.

Сонымен қатар қытайдық «Халық газеті» басылымында «Қытай қарттарға арналған қосымша туристік пойыздар ашады» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. 

Қытай қарттарға арналған қосымша туристік пойыздар ашады
Фото: kaz.people.cn

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, Қытайдың Сауда министрлігі, Мәдениет және туризм министрлігі, Ұлттық теміржол мекемесі бірлесіп қарттарға арналған туристік пойыздар шығару туралы құжат қабылдады.

- 2027 жылға қарай бүкіл елді қамтитын, әртүрлі маршруттары, бай тақырыптары және жан-жақты қызметтері бар «ақ самайлылар» туристік пойыз өнімдерінің жүйесі құрылады. Туристік пойыздар мен жолаушылар ағыны 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артады деп болжанып отыр, - делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге, құжатта егде жастағы жолаушыларға арналған бірқатар шара әзірленгені хабарланды.

Атап айтқанда, ол қарттарға арналған туристік пойыздардың ыңғайлы трансформациясының техникалық стандарттарын және теміржол қызметтерінің тиісті стандарттарын зерттеуді, сондай-ақ жаңадан салынған теміржол вокзалдарында нысандарды жетілдіруді талап етеді. Жабдықтарды жаңарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен бірге, бүкіл ел көлеміндегі мәдени және туристік орындарда қарт адамдардың саяхатын жеңілдету үшін қарттарға қолайлы қызметтер ұсыну көзделген. 

Соңғы жаңалықтар