Он мың американдық А/H1N1 тұмауынан көз жұмды
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың он мыңға жуық тұрғындары А/H1N1 тұмауының құрбандары болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Томас Фриден (Thomas Frieden) ағымдағы жылы тұмаумен негізінен жас азаматтар ауырғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, жаңа тұмаудан қайтыс болған 10 мың адамдардың ішінде 1100 балалар және жасы 21-ге жетпеген 7,5 мың адам бар.