22:55, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Он жылдан кейін америкалық балалардың 50 пайызы аутизм дертіне шалдығуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтының қызметкері Стефани Сенефф мынадай жағымсыз тұжырымға келді: он жылдан кейін АҚШ-та дүниеге келетін балалардың жартысына жуығы аутизммен ауыруы мүмкін, деп жазады rosbalt.ru.
Ми қызметі дамуының бұзылуына себеп болатын нәрсе, ғалымның айтуынша, "Монсато" компаниясының құрамында глифосаты бар "Раундап" химиялық гербициді (шөпжойғы). Америкалық фермерлер оны 1970 жылдан бастап пайдаланып келеді, сол себепті жыл санап аутизмге шалдыққан балалардың саны артып келеді.
Қазір АҚШ тұрғындарының зәрінде глифосат орташа есеппен еуропа тұрғындарына қарағанда, он есе жоғары, деп хабарлады FedPress порталы.
Бұдан бұрын Гарвард Университетінің ғалымдары ауаның ластануы мен балаларда аутизмнің даму тәуекелі арасындағы байланыстың бар екенін дәлелдеген.