«ОҢАЙ» метродағы турникеттер санын арттырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросындағы турникеттерде «Оңай» электронды төлем жүйесімен төлеу құрылғыларының саны артты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Алматы транспорт холдингі» ЖШС баспасөз хатшысы Эльмира Киргеева.
None
None

«ОҢАЙ» электронды билеттендіру жүйесінің операторы қала тұрғындарының сұранысына орай «ОҢАЙ» карталарының қолданушылары үшін турникеттер санының көбейтілгенін қуана хабарлайды. Бүгінгі таңда Алматы метросының 38 турникетінде көлік картасының қолданушылары үшін «ОҢАЙ» санағыш құрылғылары орнатылды», деді Э.Киргеева.

Айта кетейік, бұған дейін метроның әр стансасында «ОҢАЙ» терминалымен енгізуге турникеттердің біреуі ғана жабдықталып келген болатын.

Осылайша зейнеткерлер, студенттер, оқушылар, 18 жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар аналар,1,2 топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдар өздерінің сәйкес «ОҢАЙ» жеңілдігі бар көлік карталары арқылы қоғамдық көліктер ғана емес, сонымен қатар жер асты қоғамдық көлігімен де жеңілдікпен жүру мүмкіндігіне ие болды. 
 

Соңғы жаңалықтар