Өңдеуші кәсіпорындарда астық жетіспейді деген әңгіме негізсіз - Сапархан Омаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңдеуші кәсіпорындарымызда астық жетіспейді деген әңгіме негізсіз. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінгі күні республикада 10,5 млн астық бар. Оның ішінде элеваторларда 3,7 млн тонна, ұн шығаратын кәсіпорындарда 462 мың тонна, шаруашылықтарда 6,3 млн тонна астық бар. Қазіргі кезде астықты есептеу сызбасы да цифрландырылған, электронды түрде жүргізіледі",- деді ол.

Министрдің дерегінше, мемлекетте 8,3 млн тонна бидай бар. Оның 690 мың тоннасы азық-түліктік бағдарламада қолданылады. Шамамен 1,6 млн тоннасы тұқымды астық саналады. Өңдеуге 128 мың тонна астық жоспарланған.

"Бүгінгі күні экспортқа шығарамыз деп жоспарлап отырған астығымыздың көлемі 2,2 млн тоннаны құрайды. Осының барлығын есептесек, бүгінгі күні бізде 2,9 млн тонна өтпелі қалдық болады. Сондықтан өңдеуші кәсіпорындарымызда астық жетіспейді деген әңгіме дұрыс емес. Бүгінгі күні астық жеткілікті", - деді С.Омаров.

Соңғы жаңалықтар