Өңдеуші өнеркәсіп саласы өнімдерінің бағасын тым төмендету саланың бәсекеге қабілеттілігін әлсіретеді - А. Күрішбаев

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев өңдеуші өнеркәсіп саласы өнімдерінің бағасын тым төмендету саланың бәсекеге қабілеттілігін әлсіретеді деп санайды.
None
None
Ол бұл пікірін бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінен кейінгі брифингте білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңдеуші өнеркәсіп саласы өнімдерінің бағасын шектен тыс төмендетуге болмайды. Өйткені бұл саланың өзіндік еркешеліктері бар: егер біз өндіріс көлемін азайтатын болсақ, бәсекеге қабілеттілігімізді әлсіретіп аламыз. Ал, өңдеуші өнеркәсіп саласы жабылып қалатын болса, оны қалпына келтіру тым қиынға соғады», - деді А. Күрішбаев. Осы орайда министр қазіргі басты міндет? отандық өндіріс көлемін үдету екенін атап көрсетті. «Біз импорт бағасын реттей алмаймыз. Егер азық-түлік тауарларының басым бөлігін импорттайтын болсақ, инфляцияға жол ашамыз. Сондықтан Мемлекет басшысы біздің алдымызға отандық өндірісті дамыту міндетін қойып отыр. Осы мәселені мықтап қолға алу керек. Ол үшін несиелік қаржы бөліп, ішкі рынокты қорғау қажет. Сонымен қатар, импортталатын тауарларға баж салығын көтеріп, басқа елдерде жасалып жатқандай квотаны бекіту керек», - деді министр.
Соңғы жаңалықтар