Өңдеуші өнеркәсіптерде шетелдік тікелей инвестиция артып отыр - Әсет Исекешев
ТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде шетелдік тікелей инвестиция өңдеуші өнеркәсіптерде артып отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстандағы шикізаттық емес секторға инвестиция тарту бойынша ұлттық жоспар тұрғысында баяндама жасаған Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешев мәлім етті.
«Металлургия саласына бағытталған шетелдік тікелей инвестиция 12 пайызға артты. Бұл қара металлургияға инвестиция көлемінің 2 есе көбеюіне байланысты болып отыр. Сондай-ақ, шетелдік инвестиция көлемі электр жабдықтарының өндірісінде 16 пайызға өсіп отыр»,-деді Ә. Исекешев.
Оның сөзіне қарағанда, ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін Қазақстан шетелдік тікелей инвестиция тарту бойынша екінші орында тұр. «Өткен жылы Қазақстанға 5 мыңға жуық шетелдік инвесторлар келді. Ал биылғы жылдың 8 айында 10 мың шетелдік инвесторлар елімізде болып қайтты.