Өңдеуші сектордағы өсім былтыр 1,6 пайызды құрады - ҚР Премьер-Министрі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңдеуші сектордағы өсім былтыр 1,6 пайызды құрады. Бүгін ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлімдеді.
«Былтырғы жылы елімізде негізгі капиталға салынған инвестиция 6,5 пайызға артты. Ал елдегі экономикалық тұрақтылық пен орнықты өсім біздің әлеуметтік жаңғырту бағытындағы қарқынды ұстап тұруымызға мүмкіндік береді. Ал Үкіметтң ағымдағы жылғы басты басымдығы ұзақмерзімді міндеттерді тиімді шешуге жағдай жасап, әлемнің озық отыз елінің қатарына кіру тапсырмаларын жүзеге асыру», - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысының айтуынша, ұзақмерзімді экономикалық дамудың негізі - өңдеуші секторды дамыта отырып, индустрияландыру саясатын жалғастыру. «Біз өңдеуші секторда оң динамикаға қол жеткіздік. Бұл былтырғы жылы 1,6 пайызға артты», - деді С. Ахметов.