11:07, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Өндірілетін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған мақсатты трансферттер пайдалану ережесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы ақпанның 17-сындағы №164 Қаулысымен Өндірілетін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған облыстық бюджеттердің және Астана қалалық бюджеттерінің 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттерді пайдалану ережесі бекітілді.
ҚазАқпарат осы қаулының мәтінін ұсынады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚаулысыӨндірілетін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған облыстық бюджеттердің және Астана қалалық бюджеттерінің 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы шілденің 8-індегі және «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өндірілетін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған облыстық бюджеттердің және Астана қалалық бюджеттерінің 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы ресми жарияланған алғашқы күнінен бастап он күнтізбелік күн толғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МәсімовҚаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланады.