Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар бекітілді - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы №16
2013 жылғы 14 ақпан Астана қаласы
Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 30)- тармақшасына сай бұйырамын:
1. Бұйрыққа қоса тіркелген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. «Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123- бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 8 маусымдағы № 4714 тіркелген, 2007 жылғы 1 тамыз № 116 (1145) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров.
Қосымша мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.