One Direction тобының бұрынғы мүшесі қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Британдық әнші, One Direction поп-тобының бұрынғы мүшесі Лиам Пэйн Аргентинада өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ВВС.
Полицияның мәліметінше, 31 жастағы музыкант Буэнос-Айрестегі Casa Sur қонақүйінің үшінші қабатынан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел қызмет жеткенде, Пейн денесі қонақүй ауласында жатқан.
«Гитарашы, One Direction тобының бұрынғы мүшесі Палермо аймағындағы қонақүйдің үшінші қабатынан құлап қайтыс болды», - делінген полиция мәлімдемесінде.
Билік бұған дейін «агрессия танытқан және есірткі немесе алкогольдік мас күйінде болуы мүмкін ер адам» туралы қоңырау түскенін атап өтті.
Буэнос-Айрес жедел жәрдем қызметінің басшысы Альберто Кресенти жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында музыкант жоғары қабаттан құлау салдарынан «өлімге әкелген жарақат» алғанын растады.