One қоры: Жемқорлық миллиондаған адамды кедейшілікке дейін жеткізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі кедейшілік проблемасымен айналысатын One қайырымдылық қоры миллиондаған адамдар үшін жемқорлықтың салдары туралы баяндама жасады.

One қоры: Жемқорлық миллиондаған адамды кедейшілікке дейін жеткізуде

Ұйым сарапшыларының айтуынша, жыл сайын триллионға жуық АҚШ доллары көлеміндегі қаржы кедей елдерден шығарылады екен.

One баяндамасында соңғы жиырма жылда кедейшілікпен күресте қол жеткізілген елеулі ілгерілеушілікке жемқорлық және қылмыстылық қауіп тудырып отыр. Осы орайда кең тараған әдістердің арасында ақшаны жылыстатып жымқыру мен «фантомдық» жалған фирмаларды пайдалану әрекеттері белгілі болып отыр.

Баяндама авторларының пайымынша, жемқорлық жыл сайын әлем бойынша 3,5 млн. адамның өліміне алып келеді.

Кедейшілікпен күресушілер G-20 лидерлерін қарашада ұйымның Австралиядағы саммитінде жемқорлық проблемасын шешу үшін шаралар қабылдауға шақырып отыр.