Өнер орындарында кезек көбейіп, билет табылмайтын деңгейге жетуі керек - Б.Сапарбаев

"Мәдениет саласындағы басты құжат - Елбасы бекіткен Қазақстандағы мәдени саясаттың тұжырымдамасы. Құжатта барлық негізгі мәселелер айтылған. Ендігі міндетіміз - Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, осы тұжырымдаманы ойдағыдай жүзеге асыру керек. Мен үнемі айтатын бір мәселе, спорт, мәдениет нысандарын қанша салсақ та, халық тиісті деңгейде ол нысандарға барып, көре алмайды. Біздің мақсатымыз - Қазақстанның әр азаматы, елордамызға келген қонақтар мен тұрғындар сол мәдениет және спорт нысандарын аралап көруі керек. Әсіресе, жастар мен балалар. Сондықтан зиялы қауым өкілдері өнер орындарында кезек көбейіп, билет табылмайтын деңгейге жету үшін барын салып жұмыс істеуі керек. Негізгі міндетіміз - мемлекетіміздің болашағы үшін еңбек етуіміз керек. Ол үшін елімізде бірлік болуы керек, ынтымақ болуы керек. Қазақстанның дамуы үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосамыз", - деді Б.Сапарбаев.