Өнер университетінің шағын оркестрі өңірлерге концерт беріп келді

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Өнер университетінің шағын ұжымы Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы аясында өңірлерге шығып, концерт беріп келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласынан басталған іссапар Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларында жалғасын тапты. Бұл сапарда сазгер, дирижер Нұрлан Бекенов жетекшілік жасайтын орта буын халық аспаптары оркестрі өнер көрсетті. Оның құрамына аталған білім ордасының колледжінде оқитын оқушылар мен жоғары буында, яғни, бакалаврда, бірінші курста тәлім алып жатқан студенттер енген.

Концерт бағдарламасында сазгерлер Нұрғиса Тілендиевтің «Жеңіс салтанаты» музыкалық туындысы, Мұқан Төлебаевтың «Кестелі орамал» әні орындалды. Негізінен Жеңіс күніне байланысты әндер шырқалып, күйлер тартылды. Аталмыш оркестр Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт күн тілегі», Қапан Мусиннің «Алма бағында», соғыс жылдары шыққан әйгілі әскери «Көк орамал» әндерін орындады.

Сондай-ақ жеңіс тақырыбындағы бірқатар күйлер де шертілді.

Бұл шара Әлем әртісі, Өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева бастамашылығымен жүзеге асты. Осы іссапарға «Нұр Отан» партиясы қолдау білдірген, сондай-ақ концерт өткен қалалар да ұйымдастыру шараларының ойдағыдай өтуіне атсалысқанын айта кеткен жөн.

«Біздің сапарымыз сәтті өтті. Өнер сүйер қауым алдында концерттер қойдық. Ұлы Отан сғысының ардагерлерінің қатысуымен өтті. Аға ұрпақ өкілдері баталарын беріп, алғыстарын жаудырды. Алдыңғы күні Астанаға оралдық»,- дейді сазгер, дирижер Нұрлан Бекенов.

Соңғы жаңалықтар