Өнеркәсіп комитеті Қызылорда облысындағы кәсіпорындарды жоспарлы тексеруден өткізді

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті 2013 жылғы бекітілген жоспарлы тексеріс бойынша Қызылорда облысындағы аса қауіпті өндіріс түріне жататын 8 кәсіпорынға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Өнеркәсіп комитеті Қызылорда облысындағы кәсіпорындарды жоспарлы тексеруден өткізді

Тексеру қорытындысы бойынша «Саутс-Ойл» ЖШС-де улы заттардың айналымы саласындағы қызмет түрі ұсынылған біліктілік талаптарына сәйкес емес екендігі, яғни Медициналық бақылау қызметі мен Метрологиялық бақылау жүргізетін арнайы орындардың жоқтығы анықталды.

Өнеркәсіп комитетімен жүргізілген бақылау лицензиялық ережелер мен тәртіп бұзушыларды айқындауға және оларға қатысты тиісті шараларды қолдануға мүмкіндік беретін жоспарлы-жүйелі сипатқа ие.

Лицензиялық бақылау 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» ҚР Заңымен қарастырылған және оны сақтауды қамтамасыз ететін басты негіз болып табылады.

Тексеріс қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіп кәсіпорындарында қауіпсіздік деңгейін көтеруге және кауіп-катер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің баспасөз қызметінен.