Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,1 пайызға көп болды - Елбасы
Бұл мәліметтерді бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет тарапынан жасалған қолдаулар нәтижесінде 40 мыңнан астам үлескерлердің мәселелері шешілуде. «Біз бұл мәселе бойынша нақты және сенімді шаралар қабылдадық. Біз өзіміздің азаматтарымыздың мәселелеріне заманның қиындығына қарамастан жауапкершілікпен қарадық. Сол үшін де олар бізге ризашылықтарын білдіріп отыр. Мемлекет сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына да үлкен қолдау көрсетті. Нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің көрсеткіштері биылғы жылдың қаңтар мен шілде айларының аралағында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,8 пайызға көп болды. Бүгінде аймақтағы фермерлер өздеріне бөлінген қаржыны алып үлгерді. Бұл өз кезегінде егіс алқабын 1 млн. 600 мың гектарға арттыруға мүмкіндік берді», деді Елбасы.