Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады - Атамқұлов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады - Атамқұлов

«Бірінші - Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру. Бүгінгі таңда өнеркәсіптік саясатты әртүрлі мемлекеттік органдар іске асырады. Оның тиімді жүргізілуі үйлестірілген іс-қимылдарға байланысты. Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін Ведомствоаралық комиссия құрылады, - деді отырыста Өнеркәсіптік саясат туралы» және оған ілеспе заң жобасы туралы баяндама жасаған министр.

Оның атап өтуінше, екіншіден, бизнес проблемаларына уақытылы ден қою үшін Үкіметке ынталандырудың жаңа іс-шараларын бекіту және қолданыстағы іс-шараларды қайта қарау құзыреті беріледі.

«Үшіншіден, Мемлекет басшысының атына енгізілетін Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы Үкімет қалыптастырады. Ол өнеркәсіптік саясатты жоспарлау мен қалыптастырудың басты құралы болады», - деді Бейбіт Атамқұлов.