15:06, 28 Мамыр 2024 | GMT +5
Өнеркәсіп министрі қандай қызметтік көлікпен жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметтік көлігінің маркасын атады.
«Көлікті өзіміз таңдамаймыз. Оларды бізге ұсынады. Бір кездері Қазақстанда құрастырылған ELANTRA көлігімен жүрдім, жұмыс машинам болды. Көңілімнен шықты. Машинаны Президент Іс басқармасы ұсынады. Мен КІА көлігімен жүремін. Оған мүлдем ұялмаймын. Мәселе сәл басқада. Ұзақ жылғы тәжірибеге орай Үкімет мүшелері машинаны өздері таңдамайды», — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол «Бәйтерек» холдингінде жұмыс істеген кезінде үлкен Мерседес көлігімен жүргенін, кейін оны отандық көлікке ауыстырғанын айтты.
Айта кетейік, еліміз 2025 жылға қарай жеңіл автомобиль өндірісін 160 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.