Өнертапқыш экзоқаңқаның көмегімен автокөлікті орнынан қозғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өнертапқыш Джеймс Хобсон өзі жасап алған экзоқаңқаның көмегімен Mini Cooper автокөлігін орнынан оңай қозғады, деп деп жазады The Next Web басылымы.

Өнертапқыш экзоқаңқаның көмегімен автокөлікті орнынан қозғады

2014 жылы шыққан фантастикалық «Элизиум» фильмін көрген жігіт өзіне де сондай күш беретін құрылғы жасауға кіріскен. Өзін «The Hacksmith» деп атайтын инженер екі жыл көлемінде экзоқаңқаны жасап шықты. Әзірге құрылғы иесіне 124 келілік штанганы еркін көтеруге мүмкіндік береді.