02:12, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Өнертапқыш ұялы телефонға тоқ беретін жағажай орындығын ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталониялық өнертапқыш Сержи Бальестер мен оның құрбысы Джемма Масферрер жағажайға қойылатын арнайы орындықты қалта телефоны мен түрлі гаджеттерге тоқ бергіш саңылауы бар орындықты ойлап тапты.
Енді мұндай шезлонгта жатып, күнге қыздырынып ғана қоймай, гаджеттеріңізге де тоқ жинап аласыз, деп жазады espanarusa.com. Бұл орындықтар күн батареяларымен жарақталып, USB-ге жалғанған. Қазірдің өзінде мұндай орындықтарды Барселонаның Лас Глориас алаңынан кездестіруге болады. Енді өнертабыс иелері бұл орындықтарды саудаға шығарып, қыруар пайдаға кенелуді көздеп отыр, деп хабарлайды 24.kz.