16:40, 25 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Өнім сапасына сертификат беретін отандық заманауи зертхана құру қажет - С.Ахметов
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өнім сапасына сертификат беретін отандық заманауи зертхана құру қажет. Бүгін техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту шараларына арналған кеңесте ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай деді.

«Заманауи зертхана, сынақ базасын құру қажет. Біздің бизнеске және өндірушілерге қашанғы сәйкестік сертификатын алу үшін Мәскеуге, Ресей Федерациясының басқа өңірлеріне, Беларусь пен Украинаға сынамаға сабылуы қажет. Тым болмағанда негізгілерін, біздің басты саламыз машина жасауға қатысты қарастыру керек», - деді С.Ахметов.