«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде 53 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілді
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - 20 маусымдағы жағдай бойынша «Өнімділік 2020» бағдарламасына Қазақстанның 15 өңірінен 53 инвестициялық жоба енгізілген. Бұл туралы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
Осылайша, 2013 жылы бағдарламаға 2 жоба еніп отыр. Бұлар - «FosTech Data» ЖШС «Талшықты-оптикалық кабель өндірісі бойынша зауытты кеңейту» және жылына 35 мың шаршы метр қуаттылығы бар «ЖМЗ-Шапағат» ЖШС «Үй құрастыратын комбинат құрылысы».
Сонымен қатар, институт мәліметі бойынша, бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде жобалардың жалпы құны 154,3 млрд. теңгені, 2013 жылы - 1,8 млн теңгені құрады.
Жалпы алғанда құрылыс материалдарының индустриясы саласындағы 16 жоба, машина жасаудағы 14 жоба, АӨК-нің 6 жобасы, химияның 5 жобасы, сонымен қатар фармацевтикалық өнеркәсібіндегі 4 жоба, ағаш өңдейтін - 4, энергетикада - 3 жоба, металлургияда - 2 жоба мақұлданған.
Бұдан өзге, бүгінгі таңда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-да құрылыс материалдары индустриясының 2 жобасы - «КСС Астана» ЖШС және «SAS-Tobe Technologies» ЖШС, сонымен қатар машина жасаудың 1 жобасы «Сага Аташ» ЖШС қарауда жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.