Өңір әкімдері мониторинг топтарының жұмысын күшейтуі қажет - Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңір әкімдері мониторинг топтарының жұмысын күшейтуі қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір әкімдері мониторинг топтарының жұмысын күшейтуі қажет - Алексей Цой

«ТМД елдерінде және әлемнің кейбір мемлекеттерінде орын алып отырған ауру өсімі бұқаралық жиындарды өткізуге арналған қолданыстағы шектеу іс-шараларын, сонымен қатар алдын алудың негізгі іс-шараларын, атап айтқанда маска тағуды, арақашықты сақтауды босаңсытпауды тағы бір мәрте дәлелдеп отыр», - деді Алексей Цой.

Осыған орай ол өңір әкімдері мониторинг топтарының жұмысын күшейтуі қажеттігін баса айтты.

«Ауру деңгейін төмендетудің негізгі іс-шараларының бірі – бұл вакцинация. Осыған орай өңірлер вакцинация қарқынын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдауы қажет», - деді Алексей Цой.