Өңірде 218,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды

ОРАЛ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 218,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, соның 42,7 мыңы (537 пәтер) несие, трансферттер және қайта пайдаланылған несие есебінен салынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Облыстық бюджет есебінен жер сілкінісінен зардап шеккен Рыбцех селосы тұрғындары үшін Теректі ауданындағы Сарыөмір, Аңқаты ауылдарында қысқа мерзімде әрқайсысы екі пәтерлік 3 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Сондай-ақ республикада бірінші болып, «Жас отау» бағдарламасы бойынша Оралда 90 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріліп, оған жас отбасылар қоныстанды. Барлығы мемлекеттік қаражат есебінен 51,8 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 657 пәтер іске қосылды.
Соңғы жаңалықтар