Өңірде тұрғын үй бағдарламасына сәйкес 10,5 мың шаршы метр коммуналдық және 7,4 мың шаршы метр несиелік үй салынбақ

ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй бағдарламасы аясында 2009 жылы 10,5 мың шаршы метр коммуналдық (жалгерлік), 7,4 мың шаршы метр несиелік («Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасына сәйкес қызметкерлер үшін) тұрғын үй салу жоспарлануда.
None
None
Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сонымен қатар бұрын беріліп қайтарылған несиелерді қайта пайдалану арқылы тұрғын үй салу жалғасады. Мұқтаж отбасылар (жетімдер, мүгедектер, аз қамтылғандар) үшін 200 пәтерлік үй салу көзделсе, сырып тастауға жататын, апаттық жағдайдағы үйлерде тұратындар үшін 48 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасады.
Соңғы жаңалықтар