Өңірде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 84 млн. теңгеге бағаланып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік - Үстіміздегі жылы қатарға қосылған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы үшін облыстық бюджеттен 84,0 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Өңірде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 84 млн. теңгеге бағаланып отыр

Бұл қаржы мамандардың пікірінше, 700 адамды осы бағдарламаның аясында жұмысқа тартуға жетіп-артылатын көрінеді.

Қазір алдын ала жасалған жоспар бойынша 147 мекемемен келісімшарт жасалып, оларға 509 адамның орналасуы қамтамасыз етілді. Оларға 24,1 млн. теңге еңбекақы төленді. Бұл бағдар­ла­маға негізінен орта, жоғары оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған, алайда жұмыссыз жүрген жастар тартылуы тиіс. Олар келісімшарт негізінде еңбек етіп, тәжірибе жинақ­тайды, өз кәсібінің қыр-сырына қаны­ғады. Алты ай еңбек еткен оларға мемлекеттік бюджет есебінен белгілі бір мөлшерде еңбекақы төленеді.

Кейінгі тәжірибе көрсетіп жүрге­ніндей, алғашқы еңбек жолдарын осылай бастаған көп жастар өз мамандық­тарына сай қызметке орналасып кетеді. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында өзіне жұмыс іздейтіндердің көпшілігі заңгер, есепші, эколог, мұғалім, экономист, инженер-гидротехник, бағдарламашы болып келеді. Осы мамандықты көп қажет ететін мектеп­тер мен түрлі салалық мекемелер қалалық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімімен алдын ала келісімшартқа отырып, өздеріне қажетті мамандық иелерін жұмысқа тартады.

- Бұл екі жаққа да тиімді,- дейді бөлім бастығының орынбасары Жәми Жаниязов. - Жастар тәжірибе жи­нақтап, маманданады. Әрі еңбек­ақы алады. Ал мекеме өзінің айлық қорын үнемдейді, әрі оқу орнын енді бітірген жасты мамандыққа баулиды.