Өңірдегі жағдай тұрақты – әкімдік Алматы облысындағы оқиға туралы

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімдігі Есік қаласында болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Онда 5 адам жарақаттанып, оның бірі қайтыс болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде жағдай тұрақты. Бұл тұрмыстық сипаттағы оқиға болған», - делінген мәлімдемеде.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес, 6 қарашаға қараған түні Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына 5 ер адам түрлі жарақатпен (пышақ және оқ жарақаты) түскен.

«Ауруханаға түскендердің бірі көз жұмды. Екеуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем қабылдауға ауыстырылып, үйлеріне жіберілді. Ал, екі ер адам дереу жан сақтау бөліміне жатқызылды», - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 1, 6, 7 және 9-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасына түрлі жақаттары бар 5 адам түсіп, оның біреуі көз жұмғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар