Өңірдің жас дарын иелеріне облыс әкімінің арнайы сый-сияпаты табысталды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Альберт Рау салтанатты жағдайда бір топ жас дарын иелеріне жыл қорытындысы бойынша Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев, Мәлік Ғабдуллин атындағы сыйлықтарды табыстады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ғалымдар сайысына жүзден астам үміткер қатысып, бақтарын сынаған. Солардың ішінен жүзден жүйрік шыққан он жұмыс атап өтілді. Байқау нәтижесі бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің мұғалімі Жансая Өсіпова, Көкшетау университетінің 3-ші курс студенті Зарина Әбдірахманова, Абай Мырзахметов атындағы университеттің 4-ші курс студенті Әсел Бекенова «Туған өлкесін үздік зерттеуші», Абай Мырзахметов атындағы университеттен Екатерина Денгис, Рабиға Шамиғанова, Көкшетау экономика және менеджмент институтынан Ғалия Әбжанова мен Рүстем Аюлова «Үздік инновациялық жоба», Абай Мырзахметов атындағы университеттің студенті Елена Миленина мен заңтану кафедрасының мұғалімі Нұрлыгүл Әлжапарова мен номері 1-ші Кызылжар орта мектебінің ұстазы Айгүл Кенжебаева «Азаматтығы мен патриоттығы үшін» аталымдарының жүлдегерлері атанды. Оларға облыс әкімінің дипломдары мен елу мың теңгеден сыйақы табысталды.

Соңғы жаңалықтар