Өңірлер аймақтарда жүргізіліп жатқан тіл саясатына қатысты жұмыстарын сараптауда

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Республиканың барлық өңірлері аймақтарда жүргізіліп жатқан тіл саясатына қатысты жұмыстарын сараптауда.
None
None

Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада облыстық және Астана мен Алматы қалалық басқармаларының бастықтары баяндама жасауда.

«Қазіргі уақытта тілдерді дамыту басқармаларының бастықтары өз есептерін беруде. Айта кетерлігі, тілдерді дамыту саясатын жүзеге асыруда оң нәтижелер бар. біз өңірлік есептерді толығымен тыңдағаннан кейін қорытындысын шығарамыз», - дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Мақсат Ысқақов.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының жүзеге асырылуы, мемлекеттік тілдің қолданылу ауқымын кеңейту мәселесі бойынша өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды сараптау мақсатында өткізіліп жатқан семинар-кеңеске ҚР Президенті Әкімшілігінің, «ҚазТест» ұлттық тестілеу орталығының, Тіл комитетінің өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар