Өңірлерде қыста зақым келген жол төсемдерінің ақаулары жойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалдарында Кешенді мақсаттық бағдарламаның екі айлық жоспарына сай жұмыстар жүруде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында «Қазақавтожол» РМК жыл сайын ҚР ИДМ бекітетін «Кешенді мақсаттық бағдарлама» қабылдайды. Биыл КМБ аясында жалпы қолданыстағы республикалық маңызы бар автожолдар төсемінің қысқы кезеңде пайдаланудан туған ақауларын жою және жолдарды одан әрі жайластыру мақсатында сәуір-маусым айларына арналған екі айлық жоспар әзірленіп, бекітілген болатын.
1 сәуір мен 1 маусым аралығындағы кезеңде Ақмола, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдар жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, бүгінгі күні аталған филиалдарда 109 871 ш.м жол шұңқырларын жөндеу, 85 310 ш.м жолтабандар (сораптар) мен жол тарамдарын жою, 4 775 км көлік жүретін бөлікті сызып белгілеу жұмыстары жүргізілді, 2 454 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды (соның ішінде - 151 ақпараттық панно), 45 жарықдиодты белгі, 4 498 сигнал бағаны және 277 километрлік нұсқау белгісі орнатылды, 12 605 м жол қоршаулары және 371 м көпірлердің таяныш қоршаулары орнатылып, жөнделді, 86 автопавильон мен демалыс алаңы жөнделді.
Ал 15 сәуір мен 15 маусым аралығында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстық филиалдары жұмысқа тартылған. Бұл филиалдарда 158 358 ш.м жол шұңқырларын жөндеу, 15 004 ш.м жолтабандар (сораптар) мен жол тарамдарын жою, 3 931 км көлік жүретін бөлікті сызып белгілеу жұмыстары жүргізілді, 1 998 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды (соның ішінде - 156 ақпараттық панно), 3 847 сигнал бағаны және 705 километрлік нұсқау белгісі орнатылды, 10 327 м жол қоршаулары және 427 м көпірлердің таяныш қоршаулары орнатылып, жөнделді, 107 автопавильон мен демалыс алаңы жөнделді.