Өңірлерде өрт қауіпсіздігі датчиктерін орнату жалғасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Төтенше жағдайлар министрлігі жаңадан жобаланатын көппәтерлі тұрғын үйлерді автоматты өрт дабылы жүйелеріне байланысты түзетулер дайындағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлерде өрт қауіпсіздігі датчиктерін орнату жалғасады

«Жергілікті атқарушы органдар халықтың осал топтарының тұрғын үйлерін датчиктермен өтеусіз негізде жарақтандыру жұмысын азаматтық қорғау, әлеуметтік қорғау, білім беру және полиция органдарын тарта отырып жүргізуде. 2019 жылдан бері 100 мыңнан астам датчик орнатылды, олардың дер кезінде іске қосылуының арқасында 70 адам аман қалды», - делінген Үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабында.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сәйкес 2020 – 2021 жылдары жылыту кезеңінде әлеуметтік жағынан осал азаматтардың үйлерінде өрт және қаза болғандар саны азайғаны байқалды.

«Бұл бағаттағы жұмысты өңірлердің әкімдіктері жалғастыруда», - деді А. Мамин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министр Төтенше жағдайлар министрлігі жаңадан жобаланатын көппәтерлі тұрғын үйлерді автоматты өрт дабылы жүйелеріне байланысты түзетулер дайындағанын айтты.

Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар өрт қауіпсіздігіне байланысты Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған болатын.