Өңірлерде санитарлық дәрігерлер тапшы - сенатор Х. Валиев

 АСТАНА.  4 қазан. ҚазАқпарат - Өңірлерде санитарлық дәрігерлер тапшы. Осыған орай әлеуметтік қолдау көрсетілетін мамандар тізбесіне санитарлық  дәрігерлер де енгізілуі керек.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Хусаин Валиев осы мәселені көтерді.

«Бүгінгі таңда өңірлерде медицина кадрларының, оның ішінде санитарлық дәрігерлердің жетіспеушілігі айқын аңғарылады. Жағдайдың бұлайша орын алуына басты себептің бірі - баспана мәселесі. Тоқтала кететін жайт, өңірлерге жас мамандарды тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды қолдау қарастырылған. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асып, Ережеге сәйкес оларға бюджеттік несие және көтермеақы төлеу көзделген. Алайда санитарлық дәрігерлер  аталған қызметкерлер санына жатпайды», - дейді Х. Валиев.

Осыған орай, сенатор әлеуметтік қолдау шараларына енетін Ережелерді қайта қарастырып, санитарлық дәрігерлерді аталмыш ереже бойынша әлеуметтік қолдауға ие қызметшілер қатарына қосуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар