Өңірлердегі халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлердегі халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің депутаттар сауалына жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлердегі халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында тұр

Жылыту кезеңінің басында көмір саласындағы уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде коммуналдық-тұрмыстық сектор және халық үшін көмір өнімін тұтынудың 2021 – 2022 жылдар кезеңіне арналған жоспарын қалыптастырды. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттары бойынша көмір сататын нүктелерде көмір қоры бар», - делінген Роман Склярдың Мәжіліс депуттары сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, өңірлерде көмірге қатысты дүрбелең жоқ және тапшылық туындағаны туралы ақпарат түскен жағдайда осы өңірлерге көмір тиеп-жөнелтуді ұлғайту бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдануда.

«Өңірлердегі халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр және күн сайынғы уәкілетті органның, әкімдіктердің, көмір өндіруші кәсіпорындардың және «ҚТЖ» АҚ-ның қатысуымен оперативтік кеңестер өткізу арқылы шешімін табуда», - деді Үкімет басшысының орынбасары.