Өңірлердегі индустриалды-инновациялық даму қарқыны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриаландырудың бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша Астана қаласы, ШҚО, ОҚО, Қызылорда, Атырау және Қостанай облыстары индустриалды-инновациялық дамудың жоғары динамикасына ілікті.
«Орташа динамика Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, және Жамбыл облыстарында байқалды. Ал төменгі динамика Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында тіркелді»,-делінген ҚР ИДМ хабарламасында.
Атап айтқанда, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ аймақтардың индустриалды-инновациялық дамуын бағалаудың әдістемесін әзірледі. Аталған жоба облыстарда индустриалдық және технологиялық даму бағыттары бойынша қандай өзгерістер болып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемемен «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ сайтынан танысуға болады.