Өңірлердің бағаны тұрақтандырудағы рейтингі түзіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлердің бағаны тұрақтандырудағы рейтингі түзіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Цифрлық кеңсе аясында біз бағаны тұрақтандыру жөніндегі қызметтің негізгі көрсеткіштерін бағалау бойынша өңірлердің рейтингін жүргіземіз. Оның жұмысы келесідей болады. Бірінші, өнімсіз делдалдарды анықтау және жою арқылы өңірлік комиссиялардың жұмысының тиімділігі бағаланады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, екінші, ішкі нарықты молықтыру құралдарымен тауар массасын дер кезінде қалыптастыруға назар аударылады.
«Үшінші, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуін электронды шот-фактура мен кассалық аппараттардың деректерін талдау арқылы қатаң әкімшілендіруге байланысты», - деді Серік Жұманғарин.