Өңірлерге шығатын үкіметтік жұмыс тобы ҚР аймақтарының қысқа дайындық деңгейін зерттеуде
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев хабарлады.
«Мемлекет басшысының Үкімет және әкімдерге үш негізгі сұрақты бақылауда ұстауға тапсырма бергенін білесіздер. Біріншісі - қысқа дайындық, екіншісі - бағалардың негізсіз өсуін болдырмау, үшіншісі - аймақтарды 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Премьер-Министр өңірлерге шығу арқылы аймақтардағы жағдаймен танысатын үкіметтік жұмыс тобын құрды», - деді Қ.Көшербаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының барысында журналистерге берген сұхбаты кезінде.
Ол сондай-ақ үкіметтік жұмыс тобының қазіргі кездегі проблемалық мәселелерді шешетінін атап өтті. «Егер орталық органдар мен Үкіметтің араласуын талап ететін мәселелер бар болса, біз оларды қарастырып, қажетті шешімдерді қабылдаймыз», - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жақында Қырымбек Көшербаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Жезқазған аймағына барып, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданындағы бірқатар нысандармен танысты. Атап айтқанда, үкіметтік жұмыс тобының мүшелері «Жезқазған-Бейнеу» тас жолын салу бойынша жобаның іске асырылу барысын көрді. Олар «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің Жезқазған ЖЭС-да болды.
Бүгін жұмыс сапары Қарағандыда жалғасты. Үкіметтік жұмыс тобының мүшелері «Еуразиан Фудс» ЖШС-не, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына, сондай-ақ қарағандылық ЖЭС-3-ке сапар жасады.
Сапар бағдарламасына сәйкес сондай-ақ Теміртау және Сарандағы бірқатар нысандарға баруы жоспарланған.