Өңірлік ақпарат құралдарымен жұмыс істеу мемлекетке ғана емес, медиа бірлестіктердің өзіне де маңызды - Мәдениет және ақпарат вице-министрі
АЛМАТЫ. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өңірлік ақпарат құралдарымен жұмыс істеу мемлекетке ғана емес, медиа бірлестіктердің өзіне де маңызды. Бұл біржақты қалыптасып келе жатқан жақсы дәстүр, жақсы нышан. Бүгін Алматыда өтіп жатқан ІІ медиа құрылтайда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаев осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мені бұл шараны ұйымдастырушылардың өңірлік ақпарат құралдарын шақырғаны қуантып отыр. Өйткені өңірлік ақпарат құралдарымен жұмыс істеу өте маңызды. Ол мемлекетке ғана емес, медиа бірлестіктердің өзіне де маңызды. Себебі, бүкіл ел аумағын қамтымайтын ақпарат құралдары өз пікірлерін, өз ойларын Қазақстан халқына жеткізе алмайды», деді Ғ. Телебаев.
Мәдениет және ақпарат вице-министрінің сөзіне қарағанда, жақында Астанада өткен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кеңесінде журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында бүкіл ақпарат құралдарының өңірлік және орталық кездесуін өткізіп тұру туралы идея айтылған. «Бұл құптарлық бастама. Өйткені аудандық және орталық газет журналистерінің қашан бас қосқанын қазір ешкім айта да алмайды», деді ол.