Өңірлік аттестаттау нәтижесі бойынша ТЖД-нің 802 қызметкері жұмыстарынан босатылуға ұсынылды

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Өңірлік аттестаттау комиссияларының кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері мен Көкшетау техникалық институтының 802 қызметкері лауазымдарынан босатылуға ұсынылды.
None
None

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ведомствоның кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ержігіт Құлтаев мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірлік аттестаттау комиссиясының кезектен тыс аттестаттау науқанынан мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 16 131 қызметкері өтуі тиіс.

«Ағымдағы жылдың 19 қарашасында әңгімелесуден 15539 қызметкер өтті. Бұл жалпы санның 99,8 пайызын құрайды. Оның ішінде аттестатталғандары - 13758 (87,3 пайыз), лауазымынан төмендеуге ұсынылғандары - 635 (4 пайыз), басқа лауазымдарға ауыстырылғандары - 234 (1,5 пайыз), қызметтерінен босатылуға ұсынылғандары - 802 (5 пайыз)», - деп атап өтті ол.

«110 қызметкер бойынша шешім қабылданған жоқ. Өйткені олар қызметке жарамдығын анықтауға қосымша дәрігерлік куәландыруға жіберілді», - деп түйіндеді сөзін департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар