Өңірлік хабтың құрылуы аймақтағы мемлекеттік қызметтің дамуына тың серпін береді - Ә. Бәйменов

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың құрылтай конференциясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов осылай мәлім етті.
Агенттік төрағасының айтуынша, қазақстандық мемлекеттік қызмет моделін халықаралық сарапшылар жоғары бағалап отыр. Дегенмен, қоғамның жоғары талаптары мен сынақтарды ескере отырып, Мемлекет басшысы реформалардың келесі кезеңіне басымдықтарды анықтаған. Сондықтан да, агенттік төрағасы бүгінгі алқалы жиынның өзіндік символдық мәні бар екеніне тоқталды. «Қазақстан өзінің мемлекеттік қызмет саласындағы жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге дайын. Аймақтық хаб құру бойынша ұстанымдар бүгін таратылған тұжырымдаманың жетілдірілген нұсқасында да көрініс тапты. Тұжырымдама жобасы бойынша көптеген ұсыныстар да келіп түсті. Онда айтылған пікір ортақ - мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хабтың құрылуы өзекті мәселе және оның қажеттігі айқын», - деді Ә. Бәйменов. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызмет саласында айтулы орталық құрылса, бұл ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, аймақтағы мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосатын болады.