Өңірлік көрсеткіште ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында-ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Статистика агенттігі 2011 жылғы желтоқсандағы жалақы көрсеткіштерін шығарды.

Өңірлік көрсеткіште ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында-ҚР Статистика агенттігі

2011 жылғы желтоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 119144 теңгені құрады және өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,5 пайызға, нақты көріністе 14,1 пайызға өсті.

Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 241,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), қаржы және сақтандыру қызметінде - 238,8 мың теңге (2 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 234,8 мың теңге (2 есе) деңгейінде сақталуда. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде белгіленді (55,7 мың теңге) .Бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 53,2 пайызға төмен.

Өңірлік көрсеткіште ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында 220,9 мың теңге көлемінде белгіленді. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 77,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35 пайызға төмен.