Өңірлік онкодиспансерлерде 19 химиялық терапия кабинеттері ашылады
АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өңірлік онкодиспансерлерде 19 амбулаториялық химиялық терапия кабинеттері ашылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.
«Үстіміздегі жылы өңірлік онкодиспансерлерде 19 амбулаториялық химиялық терапия кабинеттері ашылады», - делінген ведомство хабарларында.
Шығыс Қазақстан облысында қуық безі қатерлі ісігіне скрининг, колоректалды қатерлі ісігіне гемокульт-тест жасау жөніндегі ілкі жобалар енгізілуде. Өңірлер онкологиялық науқастарды стационарлық деңгейде емдеу үшін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде.
Сондай-ақ медқызметкерлердің, онколог-дәрігерлердің біліктілігін көтеру және Қазақ ұлттық онкология және радиология институтын медқондырғылармен жабдықтау жұмыстары да жүргізілуде.
Аталған шаралар ҚР-да Онкологиялық жәрдемді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына қарағанда 2013-2015 жылдары бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы 103,5 млрд теңге бөлінсе, 2013 жылға оның 29,3 млрд теңгесі тиесілі.