Өңірлік онкология орталықтары күрделі жөндеуден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Маңғыстау, Павлодар және Жамбыл облыстарынан басқа өңірлердің онкология орталықтарына күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.

«5 өңірде (Алматы қ., Атырау, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстары) жаңа онкология орталықтарын салу және Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында радиологиялық корпус пен операциялық-реанимациялық корпустарды реконструкциялау жоспарда бар», - деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ол бүкіл өңірлерде онкология орталықтарын күрделі жөндеу қажеттігін мәлім етті.

«Соңғы 3 жылда жаңа онкология орталықтары пайдалануға берілген Маңғыстау, Павлодар және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде онкология орталықтарына күрделі жөндеу жүргізу көзделген», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар