Өңірлік прокурорларға азаптау мәселесіне қатысты арыз-шағымдарды тексеруді қатаң бақылауға алу шаралары тапсырылды

АНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Бас прокурор Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. .

Өңірлік прокурорларға азаптау мәселесіне қатысты арыз-шағымдарды тексеруді қатаң бақылауға алу шаралары тапсырылды

Жиын барысында БҰҰ комитетінің азаптауға қарсы ұсыныстарын жүзеге асыру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдарды еңбекпен қамту және олардың тұрмыстық жағдайы мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда Бас прокурор азаптауға және қаталдық пен жазалаудың басқа да түрлеріне қарсы күрес жөніндегі қосымша шаралар қажеттігін жеткізді. Осы орайда өңірлік прокурорларға азаптау мәселесіне қатысты арыз-шағымдарды тексеруді қатаң бақылауға алу шаралары тапсырылды.

Сонымен қатар онда бостандыққа шыққан азаматтардың әлеуметтік бейімделуі тұрғысындағы бұл жұмыстың тиімділігін арттыру, олардың құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың сақталуы бойынша қадағалауды күшейту назардан тыс қалмады. Мәжіліс барысында халықаралық тәжірибені ескере отырып бұл саладағы жұмыста тың әдістерді енгізу ұсынылды. Мұнымен қоса аталған басқосуда Үйлестіру кеңесінің 2011 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары мақұлданды.