Онищенко Читада «доңыз тұмауынан» адам қайтыс болғанын қуаттады

АСТАНА.  Қазанның  27-сі.   ҚазАқпарат -  Читада   «доңыз тұмауы»   диагнозы қойылған  екі   әйел    көз жұмды,  деп   хабарлады    ресейлік «Вести 24»  телеарнасы      «Роспотребнадзор» агенттігінің   басшысы Геннадий Онищенкоға сілтеме  жасап.
None
None

Г.Онищенконың айтуынша,   29 және   50  жастағы  екі әйел қайтыс болған,  олардың біреуі  айы-күні  жетіп  отырған  жүкті әйел болған.    Дәрігер    бар күш-жігерлерін салғанымен,  баланы  аман  алып қала алмады.  «Екі  әйелдің   A/H1N1   диагнозы    қуатталды,   екеуінің де  өкпесі    қабынған болып  шықты»,- деп мәлім етті  Г.Онищенко.

 Бұл  - вирустың аталмыш штамынан    қайтыс болудың Ресей  аумағында  ресми тіркелген  алғашқы оқиғалары.

 Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  мәліметтеріне сүйенсек,  қазанның  16-сындағы жағдай  бойынша    әлемде А (H1N1)  вирусын  жұқтырудың  зертханалық    расталған оқиғасы   387 мыңнан   асады,   оның ішінде 4 мың 820  оқиға кісі өлімімен  аяқталған.

Соңғы жаңалықтар