Онкология диспансерінде өрт шықты
АСТАНА. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат - Павлодарда кеше түстен кейін облыстық онкология диспансерінде өрт шықты,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт салдарынан емделіп жатқан 10 адам көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт жарты сағаттан кейін құрамында 50 адам және 10 техникасы бар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.